Өткен жылы Қазақстанда 8 000 тоннадан астам уран өндірілді

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – 2008 жылы Қазақстанда уран өндіру 8 521 тоннаны құрады. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс департаментінен хабарлады.
None
None
Уран өндіру айтарлықтай өскен: 2007 жылдың нәтижелері 6 637 тоннаны құрады. Өсім 28,5 пайызды құраған. Қазақстан бойынша уранды игерудің жиынтық көлемі «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ бірлескен кәсіпорындары мен оның қарауындағы Степногор кен комбинатының үлестерін қамтиды.2009 жылы 11 900 тонн уран өндіру жоспарланған. Осы көрсеткіш өзгеруі де мүмкін, өйткені іс жүзінде оны өндіру көлемі әлемдік конъюнктураға тәуелді болмақ.
Соңғы жаңалықтар