Өткен жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 71 млрд. 604,4 млн. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 71 млрд. 604,4 млн. АҚШ долларын құрады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агентігіне сілтеме жасап.

«2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 71 млрд. 604,4 млн. АҚШ долларын құрып, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 34,4 пайзыға азайды, оның ішінде экспорт - 43 млрд. 195,7 млн. АҚШ долларын (39,3 пайызға азайды), импорт - 28 млрд. 408,7 млн. АҚШ долларын құрады (25 пайызға азайды)», делінген Статистика агентігінің бүгін таратқан хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше, 2010 жылдың қаңтарында бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 221138,5 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,8 пайызға өскен. Сондай-ақ, есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 424961,9 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда -17,1 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум