Өткен жылы кеден органдарындағы жемқорлық әрекеттері 2008 жылмен салыстырғанда 44 пайызға артқан
мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректері бойынша, жемқорлық әрекеттері ең көп тіркелген орган кеден болып отыр. Онда 2008 жылмен салыстырғанда жемқорлық қылмыстары 44 пайызға артқан. Ал салық органдары мен оның аумақтық өкілдіктерінде жемқорлық әрекеттерін негізінен салықты тіркеу мен аудит бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары жасаған. «Мысалы, Алматы қаласында 10 миллион теңге көлемінде пара алмақ болған Қаржылық бақылау комитетінің Алматы қаласындағы бөлімінің бастығы ұсталса, елордада осы комитеттің Мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бастығына 300 мың теңге көлемінде қаржы беруге мәжбүрледі деген айып тағылып отыр», деді хатшы.
Оның мәліметтері бойынша, Қаржы министрлігі өкілдерінің жемқорлық әрекеттеріне бейімдігі бұл мәселенің Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің сәуір айындағы отырысында қарауды қажет етіп отыр. «Естеріңізде болса, аталмыш кеңестің өткен аптадағы мәжілісінде қаржы органдарындағы жемқорлықты зерделеу мақсатында арнайы сараптау комиссиясы құрылды», деді кеңес өкілі.
Оның құқықтық статистика органдарының мәліметтері негізінде келтірген ақпараттары бойынша, өткен жылы елімізде 1 мың 584 сыбайлыс жемқорлықпен байланысты қылмыс анықталған. Бұл көрсеткіш 2008 жылғымын салыстырғанда біршама жоғары болып отыр. Жемқорлық әрекеттерінің басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар мен білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және қаржы саласында орын алған.