Өткен жылы қоғамдық маңызы бар 188 кітап басылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов баспа ісі саласындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр бұл салада ауқымды жұмыстар атқарылды. Қоғамдық маңызы бар 188 кітап 506 мың данамен басылып, барлық облыстық, аудандық кітапханаларға таратылды. Атаулы күндер мен мерейтойларға орай, 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына 12 томдығы, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына 5 томдығы басылып шықты. Аталмыш бағытта Роза Бағланова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Әзілхан Нұршайықов, Асанбай Асқаров сияқты біртуар тұлғалар туралы еңбектер жарық көрді», - деді Н. Дәуешев министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, қаламгерлерді қолдау, қаламақы төлеу, жаңа туындылардың жарыққа шығуына, таралуына қолдау мақсатында 48 автордың қолжазбасы сатып алынды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр Қазақстан тарихына қатысты 7 мыңнан астам құжат елге әкелінген.

Елімізде 20-ға жуық мемлекеттік архив ғимаратын салу керек.


Соңғы жаңалықтар