Өткен жылы мемлекеттік органдар 3,3 миллиард теңгенің сот актілерін орындаусыз қалдырды - ҚР Бас прокурорының орынбасары

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2008 жылы мемлекеттік органдар жалпы сомасы 3,3 миллиард теңгенің 404 сот актісін орындаусыз қалдырды.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотында мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдар мен өзге де ақша қаражатын өндіріп алу мәселесіне қатысты өткен кеңейтілген отырыста ҚР Бас прокурорының орынбасары Рахымбек Мамырбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап көрсеткеніндей, бүгінде өндіріп алушылар алдында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің - 114 миллионнан астам теңге, Қаржы министрлігінің ? 1 миллиардтан астам теңге, Қорғаныс министрлігінің ? 187 миллион теңге және жергілікті атқарушы органдардың ? 2 миллиардтан астам теңге қарызы бар. «Сот орындаушыларына мемлекеттік органдардың шотын уақытша жауып тастауға құқық беретін ережені тәжірибеге қайта енгізу керек. Әрине, бұл мәселеге сақтықпен қараған дұрыс. Өйткені, шоттар тоқтатылған министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмысы да тоқтайды. Сондықтан, Заңда барлығын ажыратып жазу қажет. Сонда ғана сот актілерінің орындалу тиімділігі көрінеді», - деді ол. Сондай-ақ, Р.Мамырбаевтың айтуынша, өткен жылы сот орындаушылары соттарға 1,4 миллиард теңгенің 26 мыңнан астам орындалу құжатын қайтарған. 2008 жылы прокурорлық қадағалау шаралары енгізілгеннен кейін жалпы сомасы 4,2 миллиард теңгенің 11 мыңнан астам сот актісі орындалды. Прокуратура органдарының бастамасымен орындаушы органдарының 1552 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соңғы жаңалықтар