Өткен жылы «Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін өз қатарынан 173 адамды шығарды ? О.Петерс

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2008 жылы «Нұр-Отан» халықтық -демократиялық партиясының қатарынан түрлі себептермен 34 604 адам шығарылса,
None
None
оның 173-і сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін аластатылды. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап көрсеткеніндей, 2009 жылғы қаңтардың 1-індегі мәліметке сәйкес «Нұр-Отан» ХДП мүшелерінің саны бүгінде 770 мың 160 адамға, ал партияның бастауыш ұйымдарының саны 8118-ге жетіп отыр. Бұл үш жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,5 пайызға артық. «Талдау нәтижесі көрсеткендей, өткен жылы партия мүшелігіне қабылдау бойынша Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары филиалдарының өкілдері аса белсенділік танытты. Партия қатарынан шығарылған 34 мың 604 азаматтың дені - партия қаулысын бұзғандар, соның ішінде жарна төлеуден бас тартқандар, тұрақты мекен етуге шетелге шығып кеткендер, қайтыс болғандар, әскери борышын өтеуге және ұлттық қауіпсіздік комитеті мен құқық қорғау органдарына қызметке шақырылғандар. Ал 173- і партиядан сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін аластатылды», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар