Өткен жылы Павлодарда жұмыссыздардың саны 6 пайызға кеміді

1 092-ге дейін азайды, деп хабарлады қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.
Былтыр 13,6 мың адам еңбекпен қамту бөліміне келіп, жұмыс сұраған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2,4 пайызға көп. 11 193 қала тұрғыны жұмысқа тұрған, оның ішінде, 2 мыңдайы - әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданды, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 5,6 есеге көп. Тіркелген нарықтағы жұмыссыздықтың деңгейі 0,6 пайызды құрады.
Жол картасы бойынша 87 жобаны жүзеге асырудың есебінен 6 924 жұмыс орны құрылды. Қаладағы 119 кәсіпорында - қоғамдық жұмыстар, 131 кәсіпорында әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі ұйымдастырылды.
29 мамандық пен кәсіп бойынша 1 407 жұмыссыз кәсіптік дайындыққа және қайта мамандануға жолданды. 13796 түлек жастар тәжірибесіне жолдама алды.
Павлодар кәсіпорындары қосымша 2913 жаңа жұмыс орнын құрды, бұл 2008 жылғыдан 79 пайызға көп.