Өткен жылы павлодарлық полицейлер айналымнан 305 келі есірткі алды
ПАВЛОДАР. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы павлодарлық полицейлер айналымнан 305 келі есірткі, соның ішінде 3 келі героин алды.
Бұл сандарды қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу кезінде ІІД бастығы Сұлтан Құсетовтың мәлім етті, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.
Ішкі істер органдары есірткі заттарын сатумен және таратумен айналысатын ұйымдасқан топтардың қылмыстық істерінің жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Бір жыл ішінде есірткі сататын 78 нүкте жойылды, қылмыстық жауапкершілікке 125 адам тартылды.
Ақсу қаласында жасырын зертхана анықталды, онда үй жағдайында тамаққа қосылатын көкнәрдан есірткі дайындалып келген.
10 жылдан астам уақыт бойы таяу шығыстың криминалдық өкілдерімен тұрақты байланыс орнатып, есірткі заттарын ірі көлемде жеткізіп, сатумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды. Олардан бір келіден астам героин тәркіленді.
Наурыз айында Павлодардағы гараждардың бірінде 220 келіден астам марихуана тәркіленді.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Одан 14 келі марихуана, 900 грамға жуық гашиш пен 100 грамнан астам героин табылды.