Өткен жылы прокуратура қызметкерлері мемлекеттік органдардағы заңдылықтардың орындалуын қадағалау мақсатында 21 мың 356 тексеру жүргізген

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы прокуратура қызметкерлері мемлекеттік органдардағы заңдылықтардың орындалу барысына 21 мың 356 тексеру жүргізген.
None
None
Олардың нәтижесінде 10 мың 775 наразылық қанағаттандырылған. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада облыс прокурорларының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде көтерілген мәселелер жөнінде баяндаған Бас прокурордың орынбасары Рақымбек Мамырбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, прокурорлар заң бұзушылықтарды жою бойынша 18 мың 451 ұсыныс енгізіп, 515 мың адамның бұзылған құқықтарын қорғаған. «2007 жылғы бұл көрсеткіш 340 мың болатын. Сондықтан прокуратура қызметкерлері 2008 жылы жемісті жұмыстар атқарды деуге толық негіз бар» деді Бас прокурордың орынбасары. Оның сөзінше, осы тексерулер барысында 331 мың 510 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды. Оның 468-і нормативті-құқықтық актілер. Олардың басым көпшілігі облыстық, қалалық және аудандық әкімдерге тиесілі. «Бұл істердің нәтижесі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды» деді Р.Мамырбаев.Бас прокуратураның алқа мәжілісінде өткен жылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жылдың жоспарлары бектілді. «Бұл ретте біздің жұмысымыздың басты бағыты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік орган қызметінің заңдылығын жіті қадағалау сияқты мақсаттарға негізделеді. Біз Президентке тікелей бағынышы орган ретінде бұл міндеттердің барлығын да орындаймыз», деді Бас прокурордың орынбасары.
Соңғы жаңалықтар