16:50, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өткен жылы прокурорлар заңсыз алынған 1 мың 200 гектар жерді мемлекет иелігіне қайтарып берді ? Бас прокурордың орынбасары
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Прокуратура қызметкерлері өткен жылы жерді заңсыз иемденіп кеткен азаматтармен күрес барысында құзырлы органдарға 375 наразылық пен 164 ұсыныс енгізіп, 178 талап қойған.

Олар бойынша 146 лауазым иесі жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада облыс прокурорларының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде көтерілген мәселелер жөнінде баяндаған Бас прокурордың орынбасары Рақымбек Мамырбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, өткен жылы заңның орындалуын қадағалау органдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарындағы жер алудың заңдылықтарын тексеріп, заңсыз алынған жерлерді қайтаруға тиісті шаралар қолданған. «Біз мемлекет иелігіне 1 мың 200 гектар заңсыз бөлінген жердің қайтарылуына ықпал еттік. Қазіргі таңда бұл еліміздегі ең күрделі деген мәселелердің бірі», деді Бас прокурордың орынбасары.