Өткен жылы табиғи монополиялар субьектілерінің тарифті бекіту туралы берген өтінімдерінің тең жарымы қабылданбады

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жылы табиғи монополиялар субьектілері тарифті бекітуге арналған 874 өтінім берді, олардың ішінде 443 тариф қабылданбады. Бұл туралы бүгін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қабылданбаған 443 тарифті қараудың нәтижесінде 70 тариф қолданыстағы деңгейінде қалдырылып, 38 тариф төмендетілді, ал 326 тариф көтеріліп бекітілген. Көтеріліп бекітілген 326 тарифтің 192-сі су шаруашылығы жүйелеріне, 99-ы жылу энергетикасына, 25-і электр энергетикасына, 4-уі құбыр жолдарының қызметтеріне, 5-уі кірме жолдардың қызметтеріне, 1-і әуежайлар қызметтеріне қатысты. Оның сөзіне қарағанда, субьектілердің Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғанының нәтижесінде тұтынушыларға былтыр 245 млн. теңге қайтарылған.
Соңғы жаңалықтар