20:09, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Өткен жылы «Теңізшевройл» ЖШС 17,3 млн. тонна мұнай өндірді
АТЫРАУ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2008 жылы «Теңізшевройл» ЖШС 17,3 миллион тонна немесе 137,8 миллион баррель мұнай өндірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл 2007 жылдың деңгейінен көп. Өндіру көлемі өткен жылдың үшінші тоқсанында «Теңізшевройлда» қуаттарды ұлғайту есебінен артты. Тәуліктік өндіру көлемі 70 мың тоннаға немесе 560 мың баррельге ұлғайды. Мұнайдан басқа, кәсіпорын 859 мың тонна сұйытылған мұнай газын, 3,8 миллиард текше метр құрғақ газ, 2,23 миллион тонна күкірт өткізді. Мемлекетке 2008 жылы 6,5 миллиард доллар тікелей төлемдер аударылды. Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы сәуірдің 6-сында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының арасындағы келісім негізінде құрылды.