«Отырар» қорық-мұражайын дүниежүзілік тарихи жәдігерлер қатарына қосу қажет - Г. Әбдіхалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіктегі «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайын дүниежүзілік тарихи жәдігерлер қатарына қосып, туризмді дамыту керек.
None
None

Өңірге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бастап барған Үкіметтік делегация осы мәселені талқыға салды, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен жылы аталған нысанды 136 мың адам тамашалап, 40-тан астам көрмелер ұйымдастырылған. Құрамында ҚР Мәдениет министрі, Туризм индустриясы комитеті төрағасы бар делегация Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен осындағы қолөнер шеберлерінің орталығын да аралап көрді. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының атқарылу барысы, көне жәдігерлердің сақталу жайына арналған кеңесте мәдени саясатқа байланысты дайындалып жатқан тұжырымдама кеңінен талқыланды.

«Жақын уақытта 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджеттің отырысы басталады. Сонда жаңа тұжырымдаманы қарап, археологияға ерекше мән береміз. Айтылып жатқан ұсыныстар тек бір фрагмент ретінде қалмай, жүйелі бір көзқарас болса, бюджеттік комиссияға шығуға болады»,-деді өз сөзінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова.

Соңғы жаңалықтар