Отыз қарағандылық спортшы Гуанчжоудағы 16-ншы Азия ойындарына қатысады
ҚАРАҒАНДЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Отыз қарағандылық спортшы Қазақстандық ұлттық құрама сапында 12 қарашада басталатын Гуанчжоудағы (Қытай) 16-ншы Азия ойындарына қатысады. Бұл туралы облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы хабарлады.
Қарағандылық спортшылар жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, жүзу, академиялық ескек есу, байдаркада ескек есу және спорттың өзге де түрлері бойынша бақ сынайды.
Спорт шенеуніктері кем дегенде түрлі дәрежедегі 20 медальды алып қайтудан дәмелі. Басты үміт белгілі көшбасшылар - Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика) , Серік Сапиев (бокс), Максим Раков (дзюдо) пен Андрей Мизуровтарда (велоспорт).