Өз аяғымен жүріп жүр – министр Руслан Берденовтің жағдайын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында әкімдік алдында оқ тиіп жараланған Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы мәлімет берді.

Руслан Берденов
Фото: Руслан Берденов/Facebook

- Жағдайы тұрақты ауыр деуге болады. Түскен бойда екі бригаданың хирургтері 4 сағат бойы шұғыл көмек көрсеткен еді. Науқасқа ота жасалып, жағдайы тұрақтанды. Бүгін жағдайы тұрақты. Өз аяғымен жүріп жүр. Бірақ дәрігерлердің бақылауында, - деді министр.

Еске салсақ, 21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалғаны мәлім болған. 

Ол жарақат алып, ауруханаға түсті.

Ал 25 сәуірде шенеунікке оқ атқан күдіктінің әкесі мәлімдеме жасады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Берденовтің ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар