18:32, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Өз еліңді сырт жерде жүргенде көбірек тани түсесің ? Англия футбол жанкүйерлерінің үйлестірушісі
АЛМАТЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өз еліңді сырт жерде жүргенде көбірек тани түседі екенсің, деді Англия футбол жанкүйерлерінің үйлестірушісі Марк Перриман бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мен Албания, Әзірбайжан, Жапония, Хорватия сияқты көптеген елдерде болдым. Сыртқа шыққан кезде әр жолы өз еліңді көбірек тани түседі екенсің. Өзгелер сенің еліңе қай жағынан көбірек мән беретінін аңғарасың. Мысалы, қазақ жерін алғаш рет 19-шы ғасырда британ армиясының офицері атпен қысты күні жүріп өткен. Ал Жібек жолы бойында футболды тұңғыш рет британ саудагерлері ұйымдастырыпты», дейді Марк Перриман. Қазақстан туралы мағлұматының аз екендігіне қысылатынын айтқан Англия футбол жанкүйерлері үйлестірушісінің Қазақстан мен Англия құрамалары арасындағы бұл футбол ойыны екі елдің арасын жақындатуға үлкен ықпал ететініне сенімі зор. Оған Англиядан осы матчқа арнайы келген 1500 жанкүйер өз үлесін қосары күмәнсіз.