Өзара айыптауларды тоқтату керек - Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда өткен баспасөз мәслихатында өзара айыптауларды тоқтатып, іскерлік келіссөздер жүргізуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақылға қонымды, рационалды, тіпті дана дипломатия дәуірі орнауда. Қос тарап үшін де қолайлы бейбіт келіссөздердің негіздерін табу үшін өзара айыптауларды тоқтату керек және іскерлік келіссөздер жүргізу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Германияға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізгенін жазған едік.
Федералдық канцлер Олаф Шольцпен келіссөздерден кейін тілшілерге берген баспасөз мәслихатында Президент Қазақстанның Ресеймен екіжақты тарапта және тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық қарым-қатынаста екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы жөнінде айтып берді.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Германияның ірі және орта бизнестері арасында маңызды коммерциялық келісімдер бекітілді.