18:13, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Өзбек азаматын өлтірген қос айыпталушы қамауға алынды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қалалық сотының қаулысымен Өзбекстан азаматын өлтірді деп айыпталып отырған қос тұрғын екі айға қамауға алынды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұрын бірнеше рет сотталған аталған екеу кафеде спирттік ішімдік ішіп отырғанда, оларға бейтаныс ер адам қосылады. Содан кейін үшеуі ішуін көшеде жалғастырып, сол арада ұрыс-керіс туады. Осыны пайдаланған екеу бейтанысты аяусыз ұрып-соғып, сосын өлтіреді. Жәбірленушінің жеке заттарын алып, оқиға орнынан тайып тұрады.
Еске сала кетейік, батысқазақстандық полицейлер қылмыстың ізін суытпай ашып, күдіктілерді Атырау қаласында қолға түсірген болатын. Екеуінің үстінен ҚР ҚК 96-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.