Өзбек сумы долларға шаққанда айтарлықтай құнсызданған валюталар қатарына енді

Доллар
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Өзбек сумы соңғы он жылда АҚШ долларына қатысты ең құнсызданған ұлттық валюталар тізімінде 8-ші орынды иеленді. Рейтингті Creative Planning капиталды басқарушы компаниясы құрастырған.

Соңғы 10 жылда өзбек сумы долларға қатысты 82,3%-ға әлсіреді, бұл посткеңестік елдердің валюталары арасындағы ең нашар көрсеткіш. Сондай-ақ, украин гривнасы 77,5%-ға, қазақ теңгесі 65,4%-ға, ресей рублі 61,3%-ға, тәжік сомонисі 56,3%-ға, қырғыз сомы 43,3%-ға құнсызданды.

Орталық Азиядағы ең тұрақты валюта түрікмен манаты болды, ол небәрі 18,4%-ға құнсызданды.
Армян драмы мен швейцариялық франк соңғы онжылдықта долларға қатысты қымбаттаған екі валюта – сәйкесінше, +1,1 және 3,1%.

Ең құнсызданған валюта Венесуэла боливары болды, ол он жыл ішінде дерлік 100%-ға құнсызданды.

Сирия фунты (-99,1%), аргентиналық песо (-99,1%), түрік лирасы (-92,3%) және Суринам доллары да (-91,2%) әлсіреген валюталар қатарында.

Соңғы жаңалықтар