Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өзбекәлі Жәнібектің кесенесі қалай жөнделіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан облысының Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары реставрация жұмыстарын жалғастырып келеді.

м
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, қазір кесененің күмбездері қыш кірпішпен қапталып жатыр. Кірпіш қаптау жұмыстары аяқталғаннан кейін су өтпеуі үшін жіктері арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады.

а
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кесененің ішкі бөлігінде қабырғалар мен төбенің үгітілген сылақ қабаты толықтай алынып, қайта сыланды. Алдағы кезеңде кесененің едені жаңартылып, есіктер мен терезелер қалпына келтірілгеннен кейін қайта орнатылады.

а
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жүргізіліп жатқан жұмыстар кесененің тарихи келбетін жаңғыртып, оның ұзақ уақыт сақталуына негіз болады.

Бұған дейін Қазақстанның 18 қаласында «Өзбекәлі» спектаклі сахналанатынын жазған едік.