Өзбекстан 10 мыңдық банкноттар шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Орталық банкі 10 мың сомдық банкноттар шығарады, деп хабарлады ca-news.org .
None
None

Өзбекстан Орталық банкі номиналы 10 мың сом жаңа банкнотты айналымға шығарады, мұны Орталық банкте және үкіметте бірқатар дереккөздер растады.

21 ақпан таңертеңнен бастап әлеуметтік желілерде Олий Мажлис Сенатының жаңа ақша билеттерін енгізу туралы қаулысының көшірмелері тарады, мұндай құжатқа қол қойылды, деп атап өтті дереккөз.

Жаңа купюраның айналымға қашан енгізілетін күні әзірге белгісіз. Жаңа банкноттың бейнесі мен оның сипаттамасы таяу арада жариялануы тиіс.

Соңғы жаңалықтар