Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өзбекстан белсенді туризмді дамытуға басымдық бермек

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда белсенді туризм түрлерін дамыту жобасы әзірленді. Құжатты дайындау барысында Қазақстан, Қырғызстан, Швейцария, Австрия, Франция және Грузия сияқты таулы елдердің тәжірибесі зерделенді.

Узбекистан развивает активный туризм с учетом опыта Казахстана
Фото: uzbekistan.travel

Жоба аясында белсенді туризмді дамытуға әлеуеті жоғары 162 табиғи нысан анықталды. Олардың қатарында 88 тау мен тау жотасы, 21 көл, 20 сарқырама, 18 үңгір мен грот және 15 тау шыңы бар. Бұл нысандар елдің бес өңірінде орналасқан.

Экстремалды туризм нысандарын құру және тіркеудің бірыңғай тәртібін енгізу жоспарланып отыр. Жаңа жүйе зиплайн, родельбан, банджи-джампинг, тай-парк және аспалы көпір сияқты нысандарды қамтиды.

Шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындардың таулы және шекара маңындағы аумақтарға баруын жеңілдету көзделген. Арнайы рұқсаттарды электронды түрде Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы рәсімдеуге болады. Электронды рұқсатты 10 күн ішінде алу мүмкіндігі қарастырылған.

Жобада гидтер мен тау нұсқаушыларын халықаралық деңгейде даярлауға ерекше мән берілген. Оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Өзбекстанның бірқатар өңірінде мамандандырылған оқу курстары ашылады.

Белсенді туризмнің жаңа бағыты ретінде шағын авиацияны дамытуға да назар аударылған. Елде жеңіл әуе кемелерінің ұшу тәртібін жетілдіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Шағын авиация» бірыңғай электронды платформасы іске қосылады. Ұшқыштарды даярлау жүйесі дамытылып, өңірлердегі әуеайлақтар туристік мақсатта пайдалану үшін қайта қалпына келтіріледі.

Бұдан бөлек, 2027 жылдан бастап Өзбекстанда белсенді туризмге арналған жабдықтар мен құрал-жабдықтарды импорттау кезінде кедендік баждарды алып тастау жоспарланып отыр. Жеңілдік квадроциклдерге, жол талғамайтын көліктерге, автокемперлерге, гидроциклдерге, парапландарға және тау туризміне арналған жабдықтарға қатысты болады.

Бұл жеңілдік 2030 жылға дейін қолданылады. Оның негізгі мақсаты – туристік бизнес шығындарын азайту.

Жоспарланған шаралар Өзбекстанда белсенді және экстремалды туризмнің дамуына серпін береді деп күтіледі. Сондай-ақ жаңа туристік өнімдер мен жұмыс орындарының пайда болуына жағдай жасалады. Туристердің қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сай арттыру да көзделген.

Бұған дейін Қазақстанның Өзбекстанға келетін туристер саны бойынша көшбасшы елдердің қатарына кіргені хабарланған болатын.
Осыған дейін жарты жылда 1,5 миллионнан астам қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барғаны туралы жаздық.