Өзбекстан Еуропалық одақпен ынтымақтастықты нығайтпақ

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Еуропалық Одаққа кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасауға ұсыныс білдірді. Бұл жаңа келісім 1996 жылы екі тарап қол қойған келісімді алмастырмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
None
None

«Менің әріптесім (Өзбекстанның сыртқы істер министрі -  автор) кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы  жаңа келісім жасауға қатысты талқылау жұмыстарын бастауға ұсыныс тастады», - деді Брюсселде өткен «Өзбекстан-ЕО» ынтымақтастық кеңесінің 13-ші отырысында Эстонияның Сыртқы істер министрі Свен Миксер.

Өз кезегінде сөз алған Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Ташкент Еуропалық одақпен  ынтымақтастықтың базалық келісімін жаңартуға ниетті екендігін атап айтты.

ФОТО: gazeta.uz

Соңғы жаңалықтар