Өзбекстан Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекараны ашты

ТАШКЕНТ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстан-өзбек шекарасындағы әрі-бері өтуге салынған шектеулер алынды.

Өзбекстан  Қазақстанмен  арадағы мемлекеттік шекараны ашты

Бұл туралы сейсенбі, қаңтардың 26-сы күні Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің консулы Бабыр Дәуренбек хабарлады.

Дипломаттың айтуынша, қаңтардың 25-інен бастап Өзбекстан Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекараны біртіндеп ашуда. Өзбекстан тарабы 2009 жылы қараша айының екінші жартысында мемлекеттік шекараны біржақты жапқан болатын. Бейресми хабар бойынша, бұл шара доңыз тұмауына байланысты карантинге қатысты болған.