Өзбекстан Орта дәліз арқылы Еуропалық Одаққа жүк тасымалын арттырмақ

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы Еуропалық Одаққа транзиттік жүк тасымалын арттыруға ниетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Дальнобойщики грузовые авто Жүк көліктері трасса дорога тас жол
Фото: Александр Павский/ Kazinform

ӨР Көлік министрлігінен мәлім еткендей, Ташкентте Өзбекстан мен Болгария арасындағы халықаралық көлік байланысы жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Онда тараптар жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және көлік кәсіпорындары үшін жағдай жасау мәселелерін талқылады.

тасу
Фото: Өзбекстанның көлік министрлігі

Бұған қоса, кездесуге арқау болған тақырыптың бірі - Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы Еуропалық Одаққа транзиттік жүк тасымалын ұлғайту.

«Өзбекстан мен Болгарияның көлік ведомстволары жүк көліктерінің жүргізушілеріне берілетін рұқсат бланкілерінің санын 2025 жылы 15 есеге ұлғайтуға уағдаласты», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Транскаспий көлік бағдары арқылы өтетін жүк көлемі 5 есе артуы мүмкін екенін жазып едік.

Соңғы жаңалықтар