Өзбекстан Парламенті республика Премьер-Министрінің кандидатурасын бекітті
ТАШКЕНТ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Парламенті елдің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын бекітті.
Атап айтқанда, Өзбекстаннның Олий Мәжілісінің екі палатасының бүгінгі бірлескен отырысында Президент Ислам Каримов Шавкат Мирзияевтің кандидатурасын ұсынды. Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттар Ш.Мирзияевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Өзбекстан Конституциясының қағидаларына сәйкес республиканың жаңа парламенті қалыптасқаннан кейін Премьер-Министр бастаған республика министрлер кабинеті өзінің өкілдіктерін тоқтатады. Одан әрі ел Президенті министрлер кабинеті басшысының жаңа кандидатурасын ұсынады және ол Олий Мәжіліс палаталарының бірлескен отырысында бекітілуі тиіс.
Шавхат Мирзияев 2003 жылғы желтоқсаннан Өзбекстан Премьер-Министрі қызметін атқарып келеді. Одан бұрын 2001 жылғы қыркүйектен бастап Самарқанд және Жизақ облыстарының хокимі (губернатор) қызметтерінде болды.