Өзбекстан парламентіне сайлау бойынша қайта дауыс беру болады

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Өзбекстан парламентінің төменгі палатасына және жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау бойынша бүгін,
None
None

жексенбі күні республикада қайта дауыс беру болады, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Бұған дейін, 2009 жылы желтоқсанның 27-сінде республикада аталмыш өкілетті органдарға жалпыхалықтық сайлау өткен болатын. Бірақ парламентке депутаттар сайлау бойынша 39 сайлау округі мен жергілікті өкілетті органдарға депутаттар сайлау бойынша 779 сайлау округінде кандидаттар қажетті дауыстар санын жинай алмады.

Сайлау заңнамасы бойынша, қайта дауыс беруге ең көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Қайта дауыс беру кезінде сайлаушылардың көбірек даусын алған кандидат депутат болып сайланады.

Дауыс берудің бірінші турына Өзбекстанның 15,1 миллион азаматы қатысты, бұл сайлаушылардың жалпы санының 87,8 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар