Өзбекстан Президенті 2010 жылды елде «Үйлесімді дамыған ұрпақ жылы» деп жариялауды ұсынды

ТАШКЕНТ. Желтоқсанның 7-сі.   ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -   Өзбекстан  Республикасының   Президенті Ислам Кәрімов     келесі 2010   жылды  «Үйлесімді дамыған      ұрпақ жылы»   деп жариялау  туралы бастама көтерді.

Өзбекстан   Президенті    2010   жылды елде  «Үйлесімді  дамыған   ұрпақ    жылы»  деп  жариялауды   ұсынды

Бұл туралы Өзбекстан  Президенті сенбі,  желтоқсанның 5-інде    республика Конституциясының  қабылдануының 17 жылдығына  арналған  салтанатты жиналыста  мәлім етті.

Ел  Президенті   өз сөзінде  сондай-ақ,  ағымдағы  жылы жүзеге асырылған   және   2 триллион 612 миллиард   сум жұмсалған  «Ауылды  дамыту және  абаттандыру  жылының»   қорытындысын    шығарды.

Өзбекстан башысы сонымен  қатар,     мемлекеттің  2010 жылы   жүзеге асыратын    қызметтерінің      негізгі бағыттарын    атап көрсетті.  «2010  жылдың мемлекеттік  бюджетінде      денсаулық сақтау  саласына 1 триллион  700 миллиардтай сум  (1 миллиард  128 миллион доллар)   қарастырылған,    бұл сома 2009 жылғы көрсеткіштен  30 пайызға   көп.   Жалпы алғанда, келесі  жылғы мемлекеттік  бюджеттің 50 пайыздан  астамы   денсаулық сақтау  мен    білім  беру  саласын  дамытуға   жұмсалмақ. Мұның    барлығы   мемлекеттің    салауатты  және   жан-жақты дамыған   ұрпақты  тәрбиелеу мәселесіне  деген   ықыласын   көрсетеді»,-  деп  атап көрсетті  Ислам Кәрімов өз сөзінде.

Салтанатты жиналыс    мерекелік  концертпен аяқталды.