Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өзбекстан президенті әкімшілігінде ауыс-түйістер болды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Комил Алламжонов республика басшысының әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйістер болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Өзбекстандағы меншікті тілшісі.

Өзбекстан президенті әкімшілігінде ауыс-түйістер болды

«Өзбекстан президент 2018 жылғы 27 тамызда «ӨР президенті әкімшілігін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Әкімшіліктің негізгі міндеттері ретінде ӨР конституциялық өкілеттерін іске асыруға ықпалдастық ету, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын талдау, негізгі реформа бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, президент қаулыларының орындалуын бақылау, т.б. белгіленген», - дейді ол Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Бұрынғы ӨР президенті мемлекеттік кеңесшісі лауазымдарының орнына ӨР президентінің кеңесшісі лауазымы енгізілді. Презденттің  түрлі бағыттар бойынша кеңесшілері қызметтері ӨР президенті әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері болды. Олардың қызметін президент әкімшілігінің басшысы үйлестіріп отырады.

Бұдан тыс, осы күні тағы бір жарлыққа қол қойылған, оған сәйкес, ӨР президенті әкімшілігінің басшы қызметкерлері лауазымдарға тағайындалған:

Низомиддинов Зайнилобиддин Шахоббидинович ӨР президенті әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Магрупов Азиз Юлдашевич ӨР преидентінің кеңесшісі - ӨР президенті әкімшілігінің басшысының бірінші орынбасары болды.

Пайгамов Алишербек Азизович ӨР президенті әкімшілігінің басшысының орынбасары етіп тағайындалды.

Алламжонов Комил Исмоилович ӨР президенті әкімшілігінің басшысының орынбасары - ӨР президентінің баспасөз-хатшысы лауазымына тағайындалды.

Султанов Хайритдин Мадриддинович кеңесші ӨР президентінің кеңесшісі - спичрайтері етіп тағайындалды.

Исмаилов Умар Сапаевич ӨР президентінің мемлекеттік қызмет және кадрлық резерв мәселелері жөніндегі кеңесшісі болды.

Иноятов Рустам Расулевич ӨР президентінің реформаларды құқықтық қамтамасыз ету және құқық қорғау қызметін үйлестіру мәселелері жөніндегі кеңесшісі болды.

Худайбергенов Турсинхан Айдарович ӨР президентінің азаматтар құқықтарын қорғау, азаматтардың жүгіністерімен жұмыстарды үйлестіру және бақылау жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Абдувахитов Абдужабар Абдусаттарович ӨР президентінің жастар, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелері жөніндегі кеңесшісі болды.

Касимов Рустам Сабирович ӨР президентінің қоғамдық және діни ұйымдармен ықпалдастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі, ӨР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры етіп тағайындалды.

Хайдаров Зилемхан ӨР президенті әкімшілігінің қаржы-шаруашылық департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.