Өзбекстан президенті ақсақалға автокөлік сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 84 жастағы Шоди-бобо Хушбаковқа Captiva автокөлігін сыйлады, деп хабарлады УзА  .
None
None

Мемлекет басшысы 10-11 ақпан күндері Сурхандария облысына барған сапарында қарияның үйіне соғып кеткен еді.

«Біз Мемлекет басшысымен отбасылық өмір, ауылдар, бала тәрбиесі, оқу және жұмыс, елде болып жатқан өзгерістер, жер игерудің қыр-сыры туралы әңгімелестік, - деді ақсақал. - Президент біздің бақшамызға қарап, Сурхандарияны жақсы білетінін, мол өнім алуға болатынын айтты».

Шоди-бобо Хушбаков пен оның отбасы өз бақшаларына картоп, қызанақ, бақша өнімдері мен аскөктер егіп, жылына үш рет өнім алады. Өткен жылы ақсақал бір ғана картоп түсімінен 25 миллион сумнан астам табыс тапқан.

Ақсақал Президентке сыйлығы үшін алғыс айтты және оның адамға деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі ретінде құнды екенін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар