Өзбекстан Президенті Брюссельде Еуроодақ және НАТО-мен арадағы қарым-қатынастарды талқылайды

ТАШКЕНТ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Брюссельге сапармен аттанды, деп хабарлады «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Өзбекстан  Президенті Брюссельде  Еуроодақ  және  НАТО-мен  арадағы қарым-қатынастарды  талқылайды

Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың шақыруы бойынша өтіп отырған бұл сапардың барысында Өзбекстанның Еуроодақпен және НАТО-мен арадағы қарым-қатынастары, сондай-ақ өзара мүдделі аймақтық және халықаралық мазмұндағы мәселелер талқыланбақ.

Сапар қорытындысы бойынша Өзбекстанның Еуроодақпен түрлі салалардағы өзара қарым-қатынастарын тереңдетуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.