Өзбекстанда 8 тонна палау пісірілді

Өзбекстан
Фото: facebook.com/Abdurahmonov Yahyobek

Бүгін Әндижан облысы Избоскан ауданы Гүлстан тұрғын үй алабында 8 тонна палау пісірілді. Kazinform бұл туралы andijon_bugun Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

8 желтоқсанда атап өтілетін Өзбекстанның Конституция мерекесіне арналған бұл жауапты жұмысқа 40 аспаз жұмылдырылды.

Өзбекстан
Фото: facebook.com/Abdurahmonov Yahyobek

Тағамға орта есеппен 2000 келі күріш, 1000 келі сиыр мен қой еті, 800 келі мақта мен күнбағыс майы, 2500 келі сәбіз қосылған.

Соңғы жаңалықтар