12:42, 15 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Өзбекстанда әкесі соққыға жыққан бүлдіршін бақшаға көзі көгеріп келді

Жас балаға осындай қатыгездік көрсету ісі балалар омбудсменінің қадағалауына алынды.
Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық фактісі Самарқанд облысының Үргіт ауданында болған.
Қазір аудандық ІІБ бұл жағдайды тексеріп жатыр.
«Балаға қарсы мұндай әрекетке барғандар кім болса да заң алдында жауап береді. Жағдай туралы қосымша ақпарат беріледі» делінген хабарламада.