Өзбекстанда бір жылда жүздеген Алпысбай мен Жетпісбай дүниеге келген

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанда өткен жылы 60 және одан жоғары жаста балалы болған ер адамдардың саны белгілі болды. Бұл туралы елдің статистика агенттігі хабарлады.

сәби нәресте
Фото: Pexels

Алдын ала мәлімет бойынша, Өзбекстанда бір жыл ішінде 60 және одан жоғары жастағы 819 ер адам балалы болған.

Сондай-ақ 50 және одан жоғары жаста некеге тұрғандар саны — 6 651.

Айта кетейік, Өзбекстанда 2023 жылы 962 мың нәресте дүниеге келген. 

Соңғы жаңалықтар