Өзбекстанда доллардың ресми бағамы алғаш рет 2600 сомнан асты

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Орталық банкі 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап шетел валютасының сомға шаққандағы жаңа бағамын белгіледі.

Өзбекстанда доллардың ресми бағамы алғаш рет 2600 сомнан асты

Орталық банктің деректеріне сүйенсек, доллардың сомға шаққандағы бағамы 2601,06 сомды құраған. Өткен аптада бағам - 2595,52 сом болған.

Атап өтсек, жыл басынан бастап доллардың сомға шаққандағы бағамы 176,83-ке артты. 2015 жылғы 6 қаңтарда бағам 2424,23 сом деңгейінде тіркелді.