17:15, 08 Маусым 2016 | GMT +5
Өзбекстанда EgyptAir ұшағы жарылыс қаупі болғанына байланысты шұғыл түрде қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда EgyptAir ұшағы жарылыс қаупі болғанына байланысты шұғыл түрде қонды. Әуе қызметтері ұшақтың бортында бомба болуы мүмкін деген хабарлама алды.

Ұшақ Каирден Бейжіңге бағыт алған. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Өзбекстан Хаво Йуллари» Ұлттық әуе компаниясының баспасөз қызметі барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіз жерге шығарылғанын хабарлады, деп жазады rosbalt.ru.