20:40, 25 Қараша 2023 | GMT +5
Өзбекстанда мешіт алдынан садақа жәшігін ұрлап кеткендер ұсталды
Кеше әлеуметтік желіде 20 қараша күні сағат 02:12-де Қоштепа ауданының Сармазор орамында орналасқан «Сармазор» мешітіне “Damas” көлігімен белгісіз біреулер келіп, садақа жәшігін алып кеткені туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Kazinform Ферғана облысы ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел іс-шаралар барысында Э.Н. өзінің Damas автокөлігімен ағымдағы жылдың 20 қараша күні сағат 02:12–де Б.В. және С. А. есімді сыбайластарымен бірге „Сармазор“ мешітінің алдына қойылғанғ ішінде 80 000 сумы (шамамен 3000 теңге — ред.) бар садақа жәшігін алып кеткені анықталды», - делінген ІІБ хабарламасында.
Қазіргі уақытта садақа жәшігі айғақ ретінде алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.