15:07, 13 Қаңтар 2019 | GMT +5
Өзбекстанда «Орталық Азия - Үндістан» қарым-қатынасы талқылануда
САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Бүгін Самарқандта пленарлық сессия форматындағы «Орталық Азия - Үндістан» диалогы министрлердің бірінші кездесуі өз жұмысын бастады. Оған Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
Кездесуде өзара сауда-саттықты дамытуға ықпал етудің перспективалық бағыттары, көлік және логистиканы дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіптің негізгі бағыттарындағы инновация мен технологиялар, энергетика, ақпараттық технологиялар, медицина, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.
Бірінші министрлік кездесуің қорытындысы бойынша, Бірлескен мәлімдеме қабылдау жоспарлануда.