Өзбекстанда өткен қайта дауыс беруге электораттың 80 пайызы қатысты - Орталық сайлау комиссиясы

ТАШКЕНТ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясына Олий Мажлистің төменгі палатасына депутаттар сайлау бойынша өткен қайта дауыс берудің алдын ала мәліметтері келіп түсті,
None
None

деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметінен.

Жексенбі, қаңтардың 10-ы күні 39 сайлау округінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің төменгі палатасына және 779 сайлау округінде мемлекеттік биліктің жергілікті өкілетті органдарына депутаттар сайлау бойынша қайта дауыс беру өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, қайта дауыс беру өткізілген 39 сайлау округінің тізімдеріне енгізілген 4,9 миллионнан астам сайлаушының 3,9 миллионы, яғни 79,7 пайызы дауыс берді.

Дауыс беру жалпыға бірдей халықаралық нормалар мен стандарттардың негізінде ұлттық сайлау заңнамасының барлық нормалары сақтала отырып, ашық және жария түрде өтті.

Комиссияға ешқандай шағым түскен жоқ, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар