Өзбекстанда парламенттік сайлауға 517 кандидат тіркелді

АСТАНА.  Қарашаның  23-і. ҚазАқпарат -   Өзбекстанда     Парламенттің  төменгі палатасына  өтетін сайлауға  517 кандидат  тіркелді,   деп  хабарлайды    республиканың мемлекеттік   ақпараттық агенттігі. Олар  135    депутаттық мандатқа таласатын  болады.

Өзбекстанда   парламенттік сайлауға 517   кандидат   тіркелді

Жергілікті заңнамаға сәйкес,   сайлауға      елде  тіркелген төрт  партияның  кандидаттары    қатыса алады,  Республикалық Орталық сайлау комиссиясының  хабарлауынша,   кандидаттардың 30 пайыздан астамы - әйелдер.

 Тіркелген барлық кандидаттардың тізімі  ағымдағы аптада жария етіледі.   Өзбекстан   парламентіне сайлау    желтоқсанның 27-сінде   өтеді.