02:42, 16 Наурыз 2020 | GMT +5
Өзбекстанда тағы 3 адамнан коронавирус табылды
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – Өзбекстанда тағы 3 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

15 наурыз күні Өзбекстанның Вирусология ғылыми зерттеу институтында 11 наурыз күні Франциядан келген Өзбекстан азаматынан COVID-19 коронавирусы табылған болатын.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастың ұлы мен қызына да вирус жұққанын растады.
Сондай-ақ 15 наурыз күні Ташкент уақытымен 05:15-те «Uzbekistan airways» әуе компаниясының Ыстанбұл-Ташкент бағытындағы 274-рейсімен келген Өзбекстан азаматынан да жаңа коронавирус инфекциясы табылған.
Соңғы дерек бойынша, Өзбекстанда науқастар саны төртке жетіп отыр.