Өзбекстанда жаңа 2 министр тағайындалды
ТАШКЕНТ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстанда жаңа 2 министр тағайындалды, деп хабарлады өзбекстандық БАҚ.
Өзбекстанның СІМ-іне Абдулазиз Камилов басшы болып тағайындалды. Ол осы қызметіне келмес бұрын Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болған. Ол сондай-ақ 1994-2003 жылдар аралығында ӨРсыртқы саясат ведомствосының басшысы қызметін атқарған.
СІМ-нің бұрынғы басшысы Элер Ганиев ӨР инвестиция және сауда, ішкі экономикалық байланыс министрлігіне қайта оралды. Ол 2009-2010 жылдар аралығында ӨР Премьер-Министрінің орынбасары - инвестиция және сауда, сыртқы экономикалық байланыс министрі қызметін атқарған.