Өзбекстанда жылдамдықты асырған Олимпиада чемпионына айыппұл салынды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда ел арасында Париж Олимпиадасының чемпионы Асадқожа Мойдинхожаевтың президент сыйға тартқан Tahoe көлігімен 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан видеосы тарқады. Бұл видеоны спортшының өзі Instagram парақшасында жариялаған. Бейне кейінірек жойылды, деп жазады Xabar.uz сайты.

Асадқожа Мойдинхожаев
Фото: ӨР ҰОК

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен талқыға түскен соң, Ташкент қалалық ІІББ Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы спортшыға айыппұл салынғанын хабарлады.

Жылдамдықты шектен асырған Tahoe жүргізушісіне шара қолданылған.

– Әлеуметтік желіде Tahoe көлігінің жүргізушісінің қатты жылдамдықпен (110 км/сағ) келе жатқаны бейнеленген видео тарағаннан кейін, Ташкент қаласы IIББ қызметкерлері 2001 жылы туған жүргізуші М.А.-ға қатысты Өзбекстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық іс-шара жүргізді, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Олимпиада чемпиондарына 200 мың АҚШ доллары, Tahoe көлігі мен екі қабатты коттедж сыйға тартылған.

Соңғы жаңалықтар