17:18, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Өзбекстандағы қайта дауыс беруге қазірдің өзінде 800 мыңнан астам сайлаушылар қатысты - ӨР Орталық сайлау комиссиясы
ТАШКЕНТ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша қайта дауыс беру өткізілетін 39 сайлау округіндегі тізімге енген 4,9 миллионнан астам сайлаушылардың 800 мыңнан астамы дауыс берді.

Бұған дейін хабарланғанындай, қаңтардың 10-ында 39 сайлау округінде Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасына депутаттарды сайлау бойынша қайталап дауыс беру басталды.