Өзбекстандық шекарашылар қырғыз контрабандашыларын жарақаттады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Баткен облысы Баткен ауданының «11 гектар» жеріндегі мемлекеттік шекараның қырғыз-өзбек учаскесінде Өзбекстан әскери қызметкерлері мен Қырғызстан азаматтары арасында келеңсіз оқиға орын алды.
None
None

Алдын ала деректерге қарағанда, Қырғызстан азаматтары өткізу бекетінен тыс жерден Өзбекстаннан Қырғызстанға контрабандалық жүк өткізбек болған. Олар өзбекстандық шекарашылардың тоқтау талабына көнбеді.

Өзбекстандық шекарашылардың қаруды пайдалануы салдарынан екі қырғызстандық жарақат алды.

Қырғызстан азаматтары облыстық ауруханаға жатқызылды. Жағдайдың мән-жайын білу үшін қырғыздық тарап Қырғызстан мен Өзбекстанның шекара қызметі өкілдерінің кездесуі өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар