12:53, 16 Ақпан 2010 | GMT +5
Өзбекстаннан Оңтүстік Қазақстанға табиғи газдың жеткізілімі шектеліп отыр
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының бұқаралық байланыс жөніндегі департаменті Өзбекстаннан Оңтүстік Қазақстанға табиғи газдың жеткізіліміне шектеу салынғаны туралы мәліметті қуаттады.
«Нақты көлемді біз әзірге айта алмаймыз. Бірақ, газ жеткізілімі аайды. Жеткізуші тарап күннің суытуынан ішкі тұтынымның артқанын алға тартып, отынның жеткізілімін қысқартып отыр», деп хабарлады департаменттен.
«ҚазТрансГазАймақ» өкілдері халықтың дүрлігуіне ешқандай негіздің жоқ екенін хабарлады. «Тұрғындар газды қалыпты көлемде алып отырады. Шектеу тек өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты болмақ. Оның өзі де аяздың беті қайтқанша», деп түсіндірді компанияның бұқаралық байланыс жөніндегі департаментіндегілер.