Өзбекстаннан жеткізілетін тауарлардың кедендік жиыны ҚР қазынасын 10 млрд. теңгеден астам сомаға толтырды

ШЫМКЕНТ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - 4 ай ішінде Өзбекстанның аумағынан Қазақстанға кеден төлемі мен салықтан 10 млрд. теңге түскен тауарлар әкелінді,

Өзбекстаннан жеткізілетін тауарлардың кедендік жиыны ҚР қазынасын 10 млрд. теңгеден астам сомаға толтырды

деп хабарланды Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

ОҚО бойынша КБД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, департаментпен Өзбестен Республикасынан келетін тауар импортының құрылымы, көліктің артылуы, тауар классификациясы мен кеден құны мониторинг арқылы жүйелі түрде тексеріліп тұрады.

«Қаңтар-сәуір айларында мемлекеттің бюджетіне кеден төлемі мен салықтың 10 млрд. 282,9 млн. теңге сомасы өтелді. 8 млрд. 702,1 млн. теңге болжамында ҚР Кедендік бақылау комитетінің болжамдық тапсырмасы 118 пайызға орындалды», - деді Б. Каюпова.

1 мамырда ОҚО-нан республикалық бюджетке түсетін кеден төлемі мен салықтың үлесі 27,5 пайызды құрады.