Өзбекстанның бірнеше өңірінде А гепатитімен ауырғандар көбейді

пациент
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - Өзбекстан ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде өткен брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылық және қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің ақпараттық қызметі жетекшісі Мафтуна Саидова биылғы жылы республикада 9507 бала А гепатитін жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Ауру көрсеткіштерінің өсуі Әндіжан, Бұхара, Наманган, Сұрхандария, Самарқанд, Ферғана облыстарында және Қарақалпақстан Республикасында байқалады.

А гепатитіне қарсы вакцинация А гепатитін жұқтыру жағдайларының 94-98 пайызының алдын алады және вакцинациядан кейін пайда болуы мүмкін ауыр асқынуларды болдырмайды. Ауруға қарсы 18 айдан 14 жасқа дейінгі балалар егіледі. Вирустық гепатит «А» вакцинасымен вакцинациядан кейін иммундық кернеу 15 жылға дейін сақталады.

Соңғы 12 айда республика бойынша барлығы 365 167 бала А вирусты гепатитіне қарсы егілді.

Соңғы жаңалықтар