04:44, 24 Ақпан 2017 | GMT +5
Өзбекстанның химиялық зауытында жарылыс болды, адам өлімі бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы азотты тыңайтқыштың ең ірі өндірушісі "Ферғанаазот" АҚ-да бейсенбі күні жарылыс болды, адам өлімі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«23 ақпан күні Ферғанадағы "Ферғанаазот" АҚ-да мәскеу уақытымен 14.30-да аммиакты цехта жөндеу-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Құрбандар бар», - делінген елдің Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада. Құрбандар саны көрсетілмеген.
ТЖМ мәліметіне сәйкес, оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау, сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына қажетті барлық көмекті көрсету бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
Фото: Росбалт