Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың алдын-ала қорытындысын жариялады

ТАШКЕНТ.  Желтоқсанның  29-ы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Сайлаудың  алдын-ала  қорытындылары  бойынша  Өзбекстанда Олий Мажлистің   94 депутаты сайланды. 
None
None

   Бұл туралы  дүйсенбі күні   баспасөз мәслихатында    Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының  төрағасы Мырза-Ұлықбек  Әбдісаломов  мәлім етті.

Комиссия басшысының айтуынша,  саяси партиялардың атынан    депутаттыққа түскен  кандидаттардың   арасында бірінші кезеңде   94 депутат  сайланып  отыр,   яғни,    төменгі  палатаға  сайлау  бойынша 135  округтің 94-інен депутаттар  сайланды.  «Бұл   парламент төменгі  палатасындағы    жалпы депутаттар санының 69,7 пайызын құрайды», - деп   түсірдірді     ол.

 М.Әбдісаломовтың  айтуынша,   заңнамаға сәйкес,  сайлаудың      қорытындыларын анықтау кезінде,    сайлаушылардың 50 пайыздан  астамының дауысын алған     депутаттар  сайланған болып  есептеледі.  «Депутаттыққа  ұсынылған  кандидаттарының  бірде-бірі   жеткілікті  дауыс ала алмағандықтан, 40 округ бойынша     Заң шығару  палатасына депутаттар сайланған жоқ»,  деп  атап  көрсетті  Өзбекстанның  Орталық сайлау комиссиясының  төрағасы.

 «Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисіне сайлау  туралы»  Заңның 45-ші бабына сәйкес, егер   округ бойынша депутаттыққа екі кандидаттан  артық  адам түссе  және  олардың  бірде-біреуі   сайланбаса,  округтік   сайлау комиссиясы  округте   көбірек  дауыс  алған екі  кандидат  бойынша қайта  дауыс беру  өткізу  туралы  шешім  қабылдайды.  Қайта  дауыс беру  кезінде екінші кандидаттан   көбірек  дауыс алған     кандидат    сайланған болып саналады.

 Ұлттық сайлау  заңнамасына сәйкес,    сайлау  қорытындысы    туралы    хабарлама  мен     сайланған депутаттардың тізімін Орталық сайлау комиссиясы   сайлаудан    кейін 10  күннен  кешіктірмей, яғни  2010 жылы қаңтардың   6-сына  дейін    баспасөз бетінде  жариялайтын болады, -  деп     хабарлады  комиссия  төрағасы.

Соңғы жаңалықтар